Поиск

Полнотекстовый поиск:
Где искать:
везде
только в названии
только в тексте
Выводить:
описание
слова в тексте
только заголовок

Рекомендуем ознакомиться

'Документ'
Статья реферативного характера содержит краткое опи­сание основных положений теории личностных конструк­тов американского психолога Дж.Келли и его мет...полностью>>
'Документ'
590 Маргарита / Margarita 50ml 450 Маргарита клубничная / Margarita strawberry 50ml ….…… 500 Маргарита малиновая / Margarita raspberry 50ml … … … 5...полностью>>
'Документ'
– Организация научно-образовательных мероприятий, ориентированных преимущественно на студентов, ординаторов, интернов, аспирантов № Наименование Стату...полностью>>
'Документ'
2. Наш современный акцент на личной целостности, на человеческом потенциале и на свободе быть самим собой тихо отодвинул нас подальше от жгучего стрем...полностью>>

Главная > Документ

Сохрани ссылку в одной из сетей:
Информация о документе
Дата добавления:
Размер:
Доступные форматы для скачивания:

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының Жамбыл атындағы

Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Коммуналдық мемлекеттік мекеме

КГУ Государственная юношеская

библиотека им.Жамбыла Управления культуры г.Алматы

ӨЗГЕРЕМІЗ, ЖАҢАРАМЫЗ, АЛҒА ЖЫЛЖИМЫЗ

ИЗМЕНЯЕМСЯ, ПЕРЕВОПЛОЩАЕМСЯ,

ДВИГАЕМСЯ ВПЕРЕД

(Қазақстанның облыстық жасөспірімдер, балалар

мен жасөспірімдер кітапханаларының және

Жамбыл атындағы МЖК-ның

2013 жылы атқарған жұмыстарының

есеп беттерінен дайджест

дайджест по страницам отчетов

ГЮБ им.Жамбыла, областных юношеских

и детско-юношеских библиотек Казахстана

о работе в 2013 году)

Алматы,2014

АЛҒЫ СӨЗ

Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстанның жасөспірімдер (балалар мен жасөспірімдер) кітапханаларының 2013 жылғы жылдық жұмыс есептерінің беттерінен кезекті дайджесті ұсынады.

Мазмұнды да қызықты ақпараттық және статистикалық жылдық жұмыс есептерін уақытылы жібергені үшін облыстық жасөспірімдер, балалар-жасөспірімдер кітапханаларындағы әріптестерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Ал С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер, Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер, Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер, Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхана басшыларына бізге жіберген құнды да қызықты әдістемелік құралдары үшін ерекше рахметімізді айтамыз.

Әдеттегідей, дайджестке қосымша ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі жүйесіндегі «Жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханалар жұмысының 2012-2013 жылдардағы көрсеткіштері» беріліп отыр.

ПРЕДИСЛОВИЕ

Предлагаем вниманию сотрудников областных юношеских и детско-юношеских библиотек Казахстана очередной дайджест, составленный на основе их годовых отчетов работы за 2013 год. Выражаем большую благодарность руководству и специалистам областных юношеских и детско-юношеских библиотек Казахстана за своевременное представление своих отчетов, которые с каждым годом благодаря применению новых полиграфических технологий становятся все красочнее и содержательнее.

Нам было также очень интересно и полезно ознакомиться с комплектами изданий Актюбинской ОЮБ им.С.Жиенбаева, Западно-Казахстанской ОБДЮ им.Х.Есенжанова копиями публикаций в местной прессе, Восточно-Казахстанской, Жамбылской ОДЮБ, Южно-Казахстанской ОЮБ, отражающих ваш опыт работы с юношеством.

Традиционно дайджест дополняют «Показатели работы библиотек, обслуживающих юношество, системы Министерства культуры Республики Казахстан за 2012-2013 годы».

І. 2013 жылғы кітапханалар жұмысы туралы

жалпы мәліметтер.

Общие сведения о работе библиотек в 2013 году.

В отчетном 2013 году функционировали в Казахстане 3 областные юношеские библиотеки: Актюбинская, Карагандинская, Южно-Казахстанская и 5 областных детско-юношеских библиотек (Восточно-Казахстанская, Жамбылская, Западно-Казахстанская, Костанайская, Северо-Казахстанская). Кроме того действовали 7 специализированных юношеских библиотек – филиалов, из них: Актюбинской -2, Карагандинской -3, Мангистауской -2. В г.г.Семее, Астане, Жезказгане, Жамбылском районе Жамбылской области, в других местах работают также детско-юношеские библиотеки.

Всего читателей юношеского возраста в нашей республике в 2013 году обслуживала 4131 библиотек системы Министерства культуры РК (по сравнению с предыдущим годом уменьшилось число библиотек на 5 единиц). Их читателями в возрасте от 15 лет до 21 года были 1207,6 тыс.человек, что составляет более 30 % в общем числе пользователей государственных библиотек. В целом по областным библиотекам нашего профиля и ГЮБ им.Жамбыла число читателей увеличилось на 2,6 тыс.человек а среди них юношества стало меньше – на 2,2 тыс.человек.

Соответственно – на 26,5 тыс.экз. в наших библиотеках увеличилась книговыдача (Восточно-Казахстанской, Жамбылской, Южно-Казахстанской). Увеличилась книговыдача на государственном языке на 59,1 тыс.экз. Обращаемость библиотечного фонда составила 1,8 раза и читаемость составила 19,2 экз. (-0,8).

П.Жасөспірімдер оқуын қолдау және дамыту

шаралары. Кітапхана имиджін қалыптастыру.

Серіктестік байланыстар.

Меры по поддержке и развитию юношеского чтения.

Расширение диапазона влияния и партнерские

контакты библиотек.

Кітапхана ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы.

«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқанындай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қоймай және жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібермеу мақсатында оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру кітапханалардың назарында.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында алғаш рет 2013 жылы маусымның 21-нен 22-не қараған түні белсенді оқырмандары мен қонақтарына арналған «Кітапхана түні – 2013» квест-шоуы «Кітап әлемінің сиқырлы түні» тақырыбы бойынша өткізілді. Мақсаты: кітап кеңістігін кеңейтуде, оқуды дәріптеуде, бос уақытты тиімді өткізудің жаңа түрлерін ұйымдастыруда кітапхананың және басқа да барлық мүдделерді біріктіріп қызығушылық тудыру. Бұл кітапхана оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында әр түрлі бағытта 11 рет саяхат өткізді.

Кітапханада өткізілген іс-шаралар жергілікті «Қазақстан –Тараз» телеарнасы арқылы 12 рет көрсетілді, облыстық «Ақ жол», «Арай», «Жамбыл-Тараз» газеттері беттерінде, «Мәдениет міңбері», «Атамекен-ай» журналдарында мақалалар жарияланды. Осы кітапхананың тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне өлкеміз туралы «Мен өлкемді зерттеймін» атты жас зерттеушілер шығармашылық жобасы 2012 жылы «Туған өлкем – тұнған шежіре» тақырыбына өткізілсе, 2013 жылы байқау «Бір шаңырақ астында» атты тақырыбына арналды. Өлкемізде тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы (мысалы: бір халықтың Қазақстанға келу тарихынан бастап, орналасқан жері, әдебиеті, мәдениетә, т.б.) мәліметтер жинақтау мақсатында өткізген жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Мен өлкемді зерттеймін» екінші жеткіншектер байқауының зерттеу жұмыстары 2013 жылдың 1 маусымынан бастап 1 желтоқсанға дейін (7 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданды. Байқауға 21 шығармашылық жоба келіп түсті. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланды, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар тегіс қаралды. Жеңімпаздарды әділ қазылар алқасы анықтап сыйлықтар тапсырылды. Аталып отырған кітапханада «Кітапты өзің оқы да – келесіге бер» тақырыбында буккроссинг қозғалысы өткізілді.

Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы көпфункционалды мәдени және білім орталығы ретінде адамгершілік, төзімділік, эстетика, экология, патриотизм бағдары бойынша және кәсіби бағдар мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 257 көпшілік шара өткізді (189 шара қазақ тілінде).

Есеп беріліп отырған жылы кітапхана өзінің белсенділігін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетіп отырды. Өткізілген көпшілік шаралардың басымы «Хабар» телеарнасының «Тарих таным» және «Жаңа күн» айдарларында (шілденің 9,24; тамыздың 12,19; қыркүйектің 2,10) көрсетіліп отырды. «Қазақ әдебиеті», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы», «Жас Алаш», «Егеменді Қазақстан» сияқты газеттер беттерінде жарияланып отырды. 2013 жылы кітапханада өткізілген іс-шаралар туралы 24 мақала жарияланып, 11 бейнесюжеттер «Таң», «31 канал», «КТК», «Алматы» және т.б. теледидар каналдарынан көрсетілді.

Ақпараттық технология күннен күнге дамып отырғанын ескере отырып, кітапхана қызметкерлері арнайы кітапхана сайтын тиянақты жүргізіп отыр. Кітапхана сайтына енгізілген ақпараттар арқасында оқырмандар кітапханада өткізіліп отырған іс-шараларға қатысып, танысып отырады. Сайт арқылы біздің кітапхана «Тату көршілік келбеті» атты виртуалды пікір алмасуға қатысып, оның ұйымдастырушылары Ресей Мәдениет министрлігі, Астрахан облысы және «Б.Шаховский атындағы Астрахан облыстық жасөспірімдер кітапханасы». Біздің серіктестердің сұрауы бойынша біз Мәдени мұраға арналған «Бабалар мұрасы – халық қазынасы» атты көрме-панораманы және бірнеше әдістемелік ұсыныстарды сайт арқылы жібердік.

Оқырмандар арасында кітапхана беделінің барын ескере отырып ЖШС «Сатайфильм» («Ликвидатор», «Заблудившийся», «Тікелей эфир», «Айналайын» және т.б.) мен келісім шартқа отырып «Барлығы да алғашқы рет» «Все в первый раз» атты телесериал түсірілуі жоспарланды.

Алматы облысының бес ауданының Мәдениет күндері біздің кітапханада өтуі маңызы зор оқиға болды. Мәдениет күндері аудандық кітапханалардың серіктестік байланыстарын нығайту, кеңейтуіне ықпал жасады. Біздің кітапханада Алматы облысының Талғар, Іле, Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарының Мәдениет күндері Алматы қаласынының мерекесінің жалғасы болды. Осы аудандар қызметкерлері оқырмандармен кездесу кешіне беделді, әйгілі адамдарды шақырған: драматург Мұса Жанәділов, жазушы Шаяхмет Құсайынұлы, айтыскер ақын Есенкұл Жақыпбеков, «Дарын» сыйлығының иегері Мақпал Жұмабай, суырып салма ақын Тілек Мұратұлы, ақын, мұқағалитанушы Айтақын Әбдіқалық. Мәдениет күндері белгілі композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына және «Бір ел – бір кітап» республикалық акция Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналған. Кездесу кеш өте қызықты, маңызды өтті. Аудандар мәдениет күндері біздің кітапханада бірінші рет өткізілуде, оқырмандардың пікірлері бойынша бұл шара жақсы да керекті, көптеген ақын-жазушылар туралы мағлұмат алып, осындай кездесулерді қайталап және жиі өткізулерін сұрады.

Жасөспірімдерді оқулыққа тарту үшін және кітапхананың оқу орындарымен байланысын кеңейтуге ықпал жасауға «Мектептен кейін – кітапханаға» атты маңызды жоба қабылданды. Осы жоба шеңберінде апта ішінде 12 саяхат өткізілді, «Оқимыз, ойланамыз, қиялданамыз» және «Бірге оқимыз» тақырыбына жаңа түскен кітаптарға көрме ұйымдастырылып «Жаңа кітап күні» өткізілді.

Жас оқырмандармен көпшілік және жеке жұмыстарды белсендіруге:

жазушылар, композиторлар одақтары, ұлттық мәдени орталықтар, Алматы қаласы әкімшілігінің тілдер жөніндегі басқармасы, Гете институты және т.б. қарым-қатынастың ықпалы зор болды.

Әртүрлі қалалық шараларға да белсене қатыстық. Ақын, Қазақстанның халық ақыны, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза

Оңғарсынованың «Дауа» атты поэзиясына арналған «Бір ел – бір кітап» атты ұйымдастырылған республикалық акцияға арналып өткізілген көпшілік шараларға көптеген жастар қамтылды. Осы шараға кітапханада «Поэзия патшайымы» атты кітап көрмесі безендіріліп, «Фариза Оңғарсынованың поэзиясын оқимыз» тақырыбында ұйымдастырылған әдебиет кеші өткізіліп, оған әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, тілші Бохай Қожыров және жас ақын Балқыбек қатысып, Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына тоқталды. Әсіресе туған жерге, махаббатқа, арналған шығармалары оқырмандарды қызықтырды.

Әлеуметтік қорғалмаған жастарға да көңіл бөле отырып әлеуметті тәрбиелеу және бейімделу орталығымен «Жастар үйі = Дом юношества» мен бірлесіп көптеген шаралар жүргізілді. «Әлеуметтік серіктестіктің» жаңа мүмкіндіктерін жалғастыра отырып, №5576 және т.б. әскери бөлімдермен байланыс орнатылып көптеген іс-шаралар бірлесіп өткізілді.

Есеп беріп отырған жылы Қазақстан Республикасы заңдары бойынша құқықтану іс-шаралары белсенді түрде жүргізіліп, оқушы жастармен заң қызметтері мекемелерінің мамандарымен кездесулер ұйымдастыру тәжірибеленді.

Әдістемелік орталық ретінде аналитикалық, әдістеме-кеңестік көмектер арқылы Қазақстан Республикасының облыстық кітапханаларын әдістемелік қызмет тұрғысынан қамтамасыз еттік. Осы мақсатта 13 тақырыпта көлемі 21,5 басылым бет әдістемелік ұсыныстар дайындалып, Жамбыл облысы Тараз қаласында өткен «Жаңа қоғам кітапханаларындағы инновациялар» республикалық конференциясының «Болашақ бүгіннен басталады. Облыстық жасөспірімдер және балалар мен жасөспірімдер кітапханаларын дамыту, олардың жұмысындағы кітапханалық инновациялар» тақырыбында секция өткізу арқылы әдістемелік көмек көрсетіліп, кітапхана қызметінде атқарылатын ағымды сұрақтарға кеңес беріліп, алдын-ала семинар бағдарламасы Тараз қаласы, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына жіберіліп бекітіліп, баяндама қазақ және орыс тілдерінде жазылып дайындалды. Бекітілген жоспар бойынша алдын-ала үлкен дайындық жұмысы жүргізілді. Қатысушылар тізімі анықталды, негізгі баяндаманың мәтіні жазылды. Секция жұмысына қатысулары туралы облыстық кітапханалармен байланыс жасалып отырылды, таратылатын әдістемелік материалдар папкасы дайындалып, облыстарға таратылды. Секция жұмысының қорытындысы бойынша жинақ құрастырылды, электрондық пошта арқылы және қағаз вариантымен жасалған кітапшалар облыстарға жіберілді.

15 қазан – Кітапхана күніне «Ашық аспан аясындағы кітапхана» атты тақырыптық көрмелер кітапхана алдында ұйымдастырылып, кітапхана есігі келушілерге ашық болды. Кітапхананың бөлімдері әртүрлі тақырыптарға көрмелер безендірді. Мысалы, «Әрі нәрлі, әрі дәмді – көкөністер» «Гүлдер әлемінде», «Қолданбалы сән өнері», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы», «Өсімдіктер әлемі» атты көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеде табиғаттың сыйы жеміс-жидектер, көкөністер көркемделіп қойылып, олардың шығу тарихы туралы оқырмандарға шолу жасалып, викториналық сұрақтар қойылды.

Жастардың өмірінде Интернет қажеттілігі арта түсуде. Сондықтан, бүгінгі жастарды кітапханаға тарту мақсатында виртуалды кітапханалық қызмет көрсетуді қалыптастырудамыз. Есеп беріліп отырған жылы сыртқы және виртуалды алаң жұмыстарының көмегімен жастарды кітапханаға тартуға тырыстық. Сол үшін әлем әдебиеті мен тілдер орталығында Wi-Fi енгізілді, оқырмандар өздерінің ноутбуктары және басқа да электронды бұйымдары арқылы Интернетке кіріп отырды. Сонымен қатар, on-line технологиясын да қолданып отырдық. Нәтижесінде М.Шаханов, І.Жансүгіров шығармашылығына байланысты виртуалдық электрондық көрмелер «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында дайындалды.

Жасөспірімдерді оқулыққа тарту үшін және кітапхананы жарнамалау үшін кітапханада «Мектептен кейін – кітапханаға» атты акция ұйымдастырылды.

Жас оқырмандармен көпшілік және жеке жұмыстарды белсендіруге:

жазушылар, композиторлар одақтары, ұлттық мәдени орталықтар (Беларусь, Ауғанстан), Алматы қаласы әкімшілігінің тілдер жөніндегі басқармасы, Гете институты, Америка елшілігі, «Тұран» және «Қайнар» университеттері және т.б. қарым-қатынастың ықпалы зор болды.

Әртүрлі қалалық шараларға да белсене қатыстық. Жазушы, драматург Оралхан Бөкеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повесіне арналған «Бір ел – бір кітап» атты ұйымдастырылған республикалық акцияға арналып өткізілген көпшілік шараларға көптеген жастар қамтылды.

Әлеуметтік қорғалмаған жастарға да көңіл бөле отырып әлеуметті тәрбиелеу және бейімделу орталығымен «Жастар үйі = Дом юношества» мен бірлесіп көптеген шаралар жүргізілді.

«Әлеуметтік серіктестіктің» жаңа мүмкіндіктерін жалғастыра отырып, №5576 және т.б. әскери бөлімдермен байланыс орнатылып көптеген іс-шаралар бірлесіп өткізілді.

Есеп беріп отырған жылы Қазақстан Республикасы заңдары бойынша құқықтану іс-шаралары белсенді түрде жүргізіліп, оқушы жастармен заң қызметтері мекемелерінің мамандарымен кездесулер ұйымдастыру тәжірибеленді.

Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарды көптеп тартып, кітапхана жұмысын насихаттауға арналған саяхат 74 рет ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде 2 жыл сайын өтетін Қадыр Мырзалиевті еске алуға арналған «Тұлпар болғым келеді» атты жыр сайысы (2014 жылы облыс бойынша аймақтық деңгейде жалғасатын болады) қала мектептерінің ұл балалар арасында өтетін «Ерліктің жыры елдіктің ескерткіші» тақырыбындағы батырлар жырын мәнерлеп оқу сайысы, жас ұрпақты саламатты өмір салтымен өмір сүруге, келеңсіз әдеттерден жиреніп, жарқын өмірді сүюге тәрбиелейтін «Біз өмірді таңдаймыз!» атты акция және «Жазғы чемпионат» шараларына көптеген оқушылар қамтылды. Әртүрлі тақырыптағы шығармашылық сайыстар оқырманның кітаппен жұмыстануға, ізденуге, жауапкершілікке, сөздік қорының көбеюіне, шеберлікке жетелейді. Осындай ауқымды шаралар кезінде кітапхана мен мектеп, оқу орындарымен тығыз байланыс орнап, ат салысуға тырысады. Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-да Шевченко көктемі шеңберінде «Кітапхананың Тарас Шевченко шығармашылығы бойынша жұмыс тәжірибесінен» тақырыбында бейне конференция өткізілді. Қатысушылары: Орынбор облыстық балалар кітапханасы (РФ, Орынбор);

Орск қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі (РФ, Орск қаласы);

Луганск облыстық балалар кітапханасы (Украина, Луганск қаласы);

Харьков облыстық балалар кітапханасы (Украина, Харьков қ.).

Кітапхана қызметкерлері Тарас Шевченко шығармашылығы бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. «Еднання» Украина мәдени-ағарту қоғамының өкілдері қала тұрғындары арасында Т.Шевченко шығармашылығын насихаттау туралы айтып, Шевченкоға арналған өлеңдер оқылды.



Похожие документы:

  1. Қазақстан республикасының

    Документ
    ... жыныстық айырмашылықтың маңызын аңғарамыз. 7 жасқа дейін қол әрекеті ұл балаларда ... ің өзгерісін қарастырды. Оның зерттеуі бойынша еркектер жұмыстарында жаңа стимулдарымен артықшыланатын, ал әйелдер ...
  2. С. Торайгырова Региональный центр политических исследований политическая реальность в разнообразных ее проявлениях павлодар 2008 ббк 66(5Каз)

    Документ
    ... күшейген кезде салыстырмалы саясаттануда жаңа, тың өзгерістерді зерттеуге ұмтылыс жасау ... , біз екінші аксиоманы шығарамыз: адамдар өз құқықтары мен бостанды ... ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы ...

Другие похожие документы..